Бокс

Golden Boy президенті "Канелоның" келесі жекпе-жегіне қатысты сыбыстарға нүкте қойды

  • Сурет: elhorizonte.mx

    Сурет: elhorizonte.mx

Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) ісін жүргізетін Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) жекпе-жек бойынша келіссөз жүріп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

 

Мұның алдында The Athletic инсайдері Майк Коппинджер "Канелоның" командасы Деревянченкомен 14 қыркүйекте жұдырықтасу туралы келіссөз жүріп жатқанын хабарлаған. Ал жекпе-жекті екінші орта салмақта (168 фунт) өткізетіні айтылған.

 

Қыркүйекке белгілеген. "Канело" - Головкин жекпе-жегіне қатысты жаңа дерек шықты

 

"Бұл өтірік, тым ерте айтылған сөз. "Канело" жекпе-жекке қашан шығатынын да білмейді. Бокс қайта жаңғырғанша дейін бәрі әрі-сәрі күйде тұр. Бұл сыбыс шындыққа жанаспайды", - дейді Гомес Fightnews.com порталына.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 15:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31