Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Абель Санчес Головкин "Канелодан" неге жеңілгенінің сырын ашты

06 сәуір 2022, 19:19

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) екінші айқаста GGG-ден не қалағанын айтты "Чемпионат" агенттігіне сілтеме жасаға vesti.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Канело" физикалық және ментальді тұрғыда да өте күшті. Ол сізбен алпарысқанда мүлде басқа боксшы болып кетеді.

 

Бірінші жекпе-жекте Головкин мен қалағандай жұдырықтасты. Ол шықты да айқасты. Ал екіншісінде ол бокс дағдылары арқасында жеңгісі келді.

 

Ал төреші шегініп жатқаныңды көрсе, қарсылас сені тегеуріндеп келеді деп бейсаналы түрде ойлайды.

 

Екінші айқастың төртінші раундында-ау деймін, мен Геннадийге дауыстадым: "Сен бұл жігітке қарсы бокс көрсетпе, сен онымен төбелес" деп. Ал ол бокс техникасы жағынан мықтырақ екенін көрсеткісі келген шығар", - деп береді Санчестің сөзін BoxingScene.