Жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы Джордж Камбосос алдағы Дэвин Хэйнимен айқастан кейін не жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған vesti.kz тілшісі жазды , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
"Хэйни келісімшартқа бірден қол қоя салды - бұл ғажап. Екеуміздің айқасымызда сарапқа салынатын менің ғана белбеулерім емес, Дэвиннің титулы да бар. Оны өз жиынытығыма қосамын.
Жеңіске деген ынтам басылған жоқ, сондықтан ең мықтылармен айқасқым келеді. Сондықтан Хэйниден кейін бірден Василий Ломаченко болады. Осы жекпе-жекті қалаймын. Аустарлия боксының деңгейін көтере беремін", - дейді Камбосос.
Айта кетейік, Камбосос пен Хэйни кезедсуі 4 маусым Мельбурнде өтеді.