ӘЧ – 2021: Серік Теміржанов моңғолиялық қарсыласын жеңді

26 қазан 2021, 00:10

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

 

Қазақстандық боксшы 57 келіде моңғолиялық Энх-Амар Хархуумен қолғап түйістірді.

 

Үшінші раундта да төрешілер Серіктің басым түскенін көрсетті. Осылайша Серік жарыстың 1/16 финалына жолдама алды.

 

Сондай-ақ, бүгін тағы бір жекпе-жекте Абылайхан Жүсіпов (67 келі) Тайбэйден келген Ю Линьмен шеберлік байқасады.

 

 

aikyn.kz