ӘЧ: Дина Жоламан да ширек финалға жолдама алды

15 мамыр 2022, 22:38

2016 жылы әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Түркиядағы біріншіліктің 1/8 финалында отандасымыз Канада елінің өкілі Скарлет Дельгадомен долықты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бұл кездесуде Жоламан жеңіске жетті.

 

Енді келесі кезеңде Дина Жоламан Сербия елінің боксшысы Елена Зекичке қарсы кездесу өткізеді.

 

Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының ширек финалына Карина Ибрагимова, Алуа Балқыбекова, Гүлсая Ержан, Жайна Шекербеков және Валентина Хальзова шыққан еді.