ӘЧ: Жайна Шекербекова ширек финалына шықты

15 мамыр 2022, 22:35

2010 жылы Азияның чемпионы атанған Жайна Шекербекова Түркияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

1/8 финалда 52 келіге дейінгі отандасымыз жапониялық Ринка Киношитамен кездесті. Бұл кездесудің бірінші раундын Шекербекова 4:1 есебімен жеңді. Екінші раунда қазақстандық боксшы 2:3 есебімен жеңілді. Ал шешуші үшінші раунда Жайна өзінің пайдасына аяқтап, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. 

 

Енді отандасымыз ширек финалда Италияның намысын қорғайтын украиналық боксшы Алена Шевчукқа қарсы жекпе-жек өткізеді. 

 

Айта кетейік, Шекербекова 2016 жылғы әлем чемпионатында қола, ал 2018 жылы күміс жүлде иеленген болатын. 

 

Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының ширек финалына Карина Ибрагимова, Алуа Балқыбекова, Гүлсая Ержан және Валентина Хальзова шыққан еді.