ӘЧ: Карина Ибрагимова жартылай финалда

16 мамыр 2022, 19:12

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем біріншілігінің ширек финалында 57 келіге дейін салмақта сынға түскен отандасымыз Ирландия елінің боксшысы Микаэла Уолшке қарсы жұдырықтасты.

 

Бұл жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан біздің боксшыға берді.

 

Енді Ибрагимова Тайпей елінің өкілі Линь Ю Еннмен кездеседі.

 

Айта кетейіік, Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері 18 мамырға  жоспарланған.

 

Ал финалдық жекпе-жектер 19-20 мамырда болады.