ӘЧ: Қазақ боксшы Олимпиада чемпионымен жұдырықтасады

25 қазан 2021, 10:12

Сербия астанасы Белградта бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Оның қорытындысы бойынша қазақстандық Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады. 1/16 финалдық кездесу 51 келі салмақта өтеді.

 

24 жастағы Бибосынов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ал 28 жастағы Дусматов - 2016 жылғы Рио Ойындарының чемпионы. Сонымен қоса, ол кәсіпқойда үш жекпе-жек өткізіп, бәрін нокаутпен жеңген.