ӘЧ: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

17 наурыз 2023, 09:05

Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы 2023 жылғы бокстан әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы сапынан рингке 52 келіде өнер көрсететін Жазира Орақбаева шықты. Бұрымдымыздың бірінші қарсыласы тайвандық Чань Ча-Cунь болды. Жазира қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді.

 

Орақбаева екінші раундтың өзінде тайвандық боксшыны екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта қарсыласын кезекті рет есеңгіреткен кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.

 

Еске салайық, әлем біріншілігінде 12 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Ал жарыс 26 наурызға дейін жалғасады.