АЧ: Санжар Тәшкенбай өзбек боксшыны жеңіп, алтыннан алқа тақты

26 қаңтар 2023, 14:34

Бүгін, 26 қаңтарда Азия чемпионатының финалдық айқастары өтуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

22 жасқа дейінгілер арасындағы Бангкокта өтіп жатқан турнирде шаршы алаңға Қазақстан атынан бірінші болып Санжар Тәшкенбай шықты.

 

Бұл айқаста Санжар өзбекстандық Шодиержон Меликузиевті төрешілер шешімімен жеңді - 29:28, 29:28, 28:28, 29:28 және 29:28

 

Осылайша, ол ерлер арасында қоржынға бірінші алтынды салды.