Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

20 мамыр 2022, 01:06

Бокстан Қазақстан құрамасы Түркияның Ыстамбул қаласындағы әйелдер арасындағы ХІІ әлем чемпионатын аяқтады, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан бес жүлде алды. Тарқатып айтсақ, Алуа Балқыбекова (48 келі) күміс жүлде алса, Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) қола жүлде иеленді.

Бұл әлем біріншілігінде Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ақшалай арнайы сыйақы тағайындады. Алтын жүлдеге 100 мың доллар, күміске 50 мың доллар және қолаға 25 мың доллар. Осылайша төрт қола және бір күміс жүлде алған қазақстандық боксшылар бас-аяғы 150 мың доллар көлемінде сыйақыға ие болды.