Орта салмақта WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) айқас алдында неден қорқатынын айтты. Бұл туралы vRINGe.com. сайтына сілтеме жасаған vesti.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Алайда Муратаны қорқытып отырған қазақстандық боксшының ауыр соққылары емес екен.
"Головкинмен жекпе-жектен емес, бұл кездесудің тағы шегерілгенінен қорқамын. Мен дайынмын", - деп мәлімдеді Риота.