Бокс

Әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісім берді

  • Фото Prosports.kz

    Фото Prosports.kz

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0-0, 22 KO) IBF және IBO нұсқалары бойынша осы салмақ дәрежесіндегі чемпион қазақстандық Генадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO)жекпе-жек өткізуге келісім берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

“GGG әлі де көш басында. Егер мен “Канеломен” жекпе-жекке шыға алмасам, тым болмаса, мен Головкинмен кездесуге қол жеткізе аламын, солай ғой? Сіздер мені тексергенін қалайсыздар. Деревянченко ештеңе дәлелдей алмағаны бәріне аян. Алайда, ол мені “Канеломен” кездесуге жеткізеді деген еді. Мен оны жеңдім. Бірақ менің қалағанымды ешкім бере алмай отыр.

 

Мен Головкинмен кездесуді қабыл аламын. Әрине, ондай мүмкіндік туып жатса. Менің менеджерлерім дұрыс шешім шығарады. Сондықтан, білуімше, мен міндетті дүрде онымен жекпе-жекке шығамын. Мен орта салмақтағы белбеулерді бір жерге жинағым келеді. Біз бұл кездесуді жасай аламыз және жасау керекпіз” - дейді өз сөзінде Чарло  Boxingscene.com редакциясына берген сұқбатында.

 

Естеріңізге сала кетейік, Чарло өткен қыркүйекте Сергей Деревянченконы (13-3, 10 KO) төрешілер шешімі бойынша жеңіп, өз титулдарын қорғап қалған болатын. Ал украиналық өз кезегінде 2019 жылы Головкинге қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапқан еді.

 

Головкин желтоқсанда польшалық Камил Шереметаны  (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңіп, рекордты 21-ші рет әлем чемпионы титулын қорғап қалған болатын. 

 

 

 




Көрілген: 2415    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 10:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31