Бокс

Әлем чемпионы "Канело" Сондерсті ненің арқасында жеңгенін айтты

  • https://www.eurosport.ru/

    https://www.eurosport.ru/

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (30-0, 18 KO) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) британиялық Билли Джо Сондерске (30-1, 14 КО) қарсы жекпе-жегі таңқаларлықтай болмағанын айтады.

 

"Бұл "Канелоның" ең мықты жұдырықтасуы болды демес едім. Ол шығып тамаша бірдеңе жасаған жоқ. Ол Головкинге қарсы жекпе-жекте барын салды. Екіншісінде жақсырақ тырысты. Бірінші айқаста "Канело" жеңілді, ал екіншісінде өзінің өскенін көрсетті.

 

Алайда Сондерспен жекпе-жегі тамаша болды деп айта алмаймын. Альварес Сондерсті бұрын жасаған сұмдық комбинациялар және соққылармен ұрмады.

 

"Канело" әуесқой бокс көрсетіп жүрген жігітпен жұдырықтасты десе болады, қарсыласы алға иіле берді, өзгеріссіз бірнәрсені қайталай берді. "Канелоның" жекпе-жекке жақсы жоспары болды. Ол оң жақтан бас пен денеден соққы жасай берді және апперкот ұрып отырды. Билли Джо еңкейе бергендіктен, соққыларға қарсы келе берді. Ақыры ауыр соққы өткізіп алды", - деп береді Андраденің сөзін Boxingnews24.com.

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 1314    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 18:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31