Бокс

Әли Ахаетов Гонгораға кеткен есесін қайтара ала ма?

  • https://www.sports.kz/

    https://www.sports.kz/

Кәсіпқой бокста әлем чемпионы атағынан үмітті жерлестеріміз көп, деп хабарлайды «Хабар 24». Солардың бірі – Әли Ахмедов.

 

Қарсыластарын қоғадай жапырып келген Әли өткен жылы күтпеген жерден эквадорлық Карлос Гонгорадан ұтылып қалған еді. Енді Ахмедов есе қайтаруды көздеп отыр.

 

Бұған дейін Геннадий Головкинмен бірге жаттығып келген боксшы қазір Алматыда тер төгіп жүр. Былтыр IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шыққан Әли Ахмедов ойламаған жерден техникалық нокаутпен Карлос Гонгорадан ұтылып қалған болатын.

 

Оған дейін қарсыласын бет қаратпай келген Әли осылайша, алғаш рет кәсіпқой рингтегі жеңілістің ащы дәмін татты. Енді қарсыласынан алтын белбеуді қайтарып алу үшін тыңғылықты дайындалып жүр.

 

Әли Ахмедов, кәсіпқой боксшы:

 

- Қазіргі уақытта менің командам осы қарымта кездесу төңірегінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Оған дейін маусым немесе шілде айында дәреже көтеру жекпе-жегін өткізуіміз керек. Биыл әлем чемпионы атану үшін тыңғылықты дайындық жүргізіп жатырмын. Енді аз күннен кейін Америкаға барып, жаттығу жұмыстарын пысықтайтын боламыз.

 

Геннадий Головкинмен бірге жаттығатын Әли, Америкадағы жұмыс визасы аяқталған соң елге оралып, өзінің бұрынғы бапкері Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығып жатыр. Ахмедов өткен жылғы жеңілістен үлкен сабақ алғанын, енді шаршы алаңға шығатын күнді асыға күтіп жүргенін айтады.

 

Сағатбек Мұсаханов, жаттықтырушы:

 

- Енді Әли Ахмедов психологиялық тұрғыда өте мықты бала ғой. Мынау жеңілістен кейін қайтадан жаттығуды бастап кеттік. Енді Генаға да рахмет. Осы жаққа жіберіп, баланы өзінің бірінші тренеріне. Дайындалып, енді қалпына келуге бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Енді осы айдың аяғына Америкаға ұшып кетеді Әли. Америкаға ұшса, онда спариннгтік жұмыстар басталады ол жақта. Ол жақта енді Гена бар.

 

Сағатбек Мұсаханов Әлиді бес жасынан баптаған бапкері.

 

«Оның соңғы жеңілісі менің де жүрегіме ауыр тиді. Өйткені шәкірттерімді тек биіктерден көргім келеді. Сондықтан алда болатын жекпе-жектеріне өзім барамын», деп отыр.

 

Қазір Әлиге туған бауыры Роман көмектесіп жүр. Бір кездері өзіде бокспен шұғылданған Роман қазір оқу оқып, білім алуға көбірек көңіл бөліп жүр екен.

 

Роман Ахмедов, Әлидің інісі:

 

- Мен Әлиге қолдау көрсетіп жүрген барша қазақ жанкүйеріне ыстық ықыласымды жеткізгім келеді. Әсіресе, ағам жеңіліс тапқан кезде адамдар хат жазып, демеу білдіріп жатты. Әли әлі-ақ ел сенімін ақтап, Қазақстанның көк туын биіктен желбіретеді деген үміттемін.

 

Әли Ахмедов санаулы күндерден кейін мұхит асады. Ол биылдыққа екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

 

«Алдымен дәреже көтеру жекпе-жегі, одан кейін Гонгорадан есе қайтарсам», дейді.

 

 

 




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 11:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31