Бокс

Али Ахмедов америкалық "Құтырған төбетпен" жұдырықтасады

  • © sports.kz

    © sports.kz

25 жастағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) келесі жекпе-жегін 12 наурызда өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

BoxRec мәліметінше, қазақстандықтың қарсыласы 33 жастағы америкалық Скотт Сигмон (34-14-1, 17 КО) болады. Он раундқа есептелген айқас АҚШ-тың Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде өтеді.

 

Ахмедов кейінгі рет желтоқсанда Геннадий Головкин - Камил Шеремета андеркардында жұдырықтасып, эквадорлық Карлос Гонгорадан (18-0, 13 КО) жеңілген болатын. Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы IBO белбеуі сарапқа салынған еді. Осы жеңілістен кейін Али әлемдік рейтингте құлдырады.

 

Сигмон кейінгі рет 2019 жылы 20 қыркүйекте жекпе-жек өткізіп, 35 жастағы отандасы Лайонелл Томпсоннан жеңілді. Скотт жетінші раундта ары қарай жұдырықтасудан бас тартты.

 

Сигмонның лақап аты "Cujo" (Стивен Кинг романындағы құтырған төбет) екенін айта кетейік.




Көрілген: 1310    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 13:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30