Али Ахмедов IBF рейтингінде бір саты жоғарылады

05 тамыз 2022, 18:58

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған тізім жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңартылған тізім бойынша екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Али Ахмедов (18-1, 14 КО) жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Ахмедов алдағы кездесуінде америкалық Габриэль Росадоға (26-15-1, 15 КО) қарсы шаршы алаңға шығады. Екі боксшы IBF тұжырымынша Солтүстік Америка чемпионы белбеуін сарапқа салады.

 

Бұл жекпе-жек 17 қыркүйекте болатын Головкин - "Канело" трилогиясының андеркардында өтеді.