Али Ахмедов "Канеломен" жекпе-жек жайлы

04 қазан 2022, 15:08

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) жыл соңында рингке оралуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен әлем чемпионы титулы үшін келдім. "Канело", Бенавидес, мүмкін Андраде, бәрібір. Кіммен болса да айқасуға дайынмын.

Қазір бар назарым тек белбеу үшін айқаста.

Командам келесі жекпе-жек бойынша жұмыс істеп жатыр. Желтоқсанда өтеді деп үміттенемін", - деп береді Ахмедовтің сөзін The Ring.