Бокс

Әли Ахмедов Пантераны үшінші раундта нокаутпен жеңді

  • Әли Ахмедов Пантераны үшінші раундта нокаутпен жеңді

    Әли Ахмедов Пантераны үшінші раундта нокаутпен жеңді

Қазақстандық екінші орта салмақтағы боксшы Әли Ахмедов Пантера лақап атымен танымал Давид Сегарраны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 16 қыркүйекте Монтебелло қаласында (Калифорния, АҚШ) Hollywood Fight Nights бокс кеші аясында өтті. Ол сегіз раундқа есептелген. Ахмедов басым болып техникалық нокаутпен жеңді. Үшінші раундтан кейін Сегарра жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

 
Қазақстандық үшін бұл жеңіс кәсіпқойлар арасындағы 17-ші жеңіс, оның 13-ші ерте аяқталды.

Ахмедов соңғы рет 2020 жылдың желтоқсанында эквадорлық Карлос Гонгорамен жекпе-жек өткізіп, IBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласқан болатын. Сегаррамен жекпе-жек 1 тамызда өтуі керек еді, бірақ  латынамерикалық боксшының коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже беріп, бокс кеші кейінге қалдырылған болатын. 

Еске салайық, Ахмедовке IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы қолдау көрсетеді.




Көрілген: 572    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31