Бокс

Алматыда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды

  • Алматыда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды

    Алматыда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды

Алматыда астана күніне орай Бекзат Саттарханов атындағы "Бокс әлемі" спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кешеннің ашылуына аудан әкімі Сайран Сайфеденов қатысты. Ол жас спортшыларды мерекелерімен құттықтап, оларға сәттілік пен үлкен жеңістер тіледі. Кешен "Юность" кинотеатры ғимаратының орнында пайда болды. Екі қабатты спорт кешенінің бокс залы - 200 шаршы метр. Сонымен қатар, би және гимнастика залдары бар.

"Осы ғимаратты бізге бергені үшін Әуезов ауданының әкімдігіне рахмет. Ол 15 жыл бос тұрды. Біз жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Барлығы 33 млн теңге инвестиция салынды. Бұл әлеуметтік жоба. Келушілердің арасында қазірдің өзінде қалалық және республикалық чемпионаттардың жеңімпаздары бар. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына үлкен жеңілдіктер болады", - деді спорт кешенінің директоры Бағдат Сырлыбаев.

Спорт кешені барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Бокс залында бір уақытта 30 адам жаттыға алады. Мұнда жаңадан бастаушылар да, кәсіпқой боксшылар да келе алады. Болашақта залда үлкен жарыстар өтеді.

Бұл жобаның мақсаты - спортпен шұғылдануға және дене шынықтыруға қолайлы жағдайлар жасау, тұрғындар арасында салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, адам өмірінің сапасын жақсарту.

Stan.kz




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.07.2021, 16:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30