Алматыдағы бокс кеші: Қамшыбек Қоңқабаев британиялық қарсыласын тізе бүктірді

12 желтоқсан 2021, 00:11

Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде басты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасқан болатын. Крузервейттегі жекпе-жекте қарсыластар бос тұрған WBA Gold чемпиондық атағы үшін сайысқа түсті. Кездесу 12 раундқа есептелген. Алайда, ол аяғына дейін жетпеді. Жекпе-жек жетінші раундта Қамшыбектің жеңісімен аяқталды. Уорд алған жарақатына сайысты жалғастыра алмады. Бесінші раундта төреші британиялық боксшының нокдаунға түскенін көрсетті. Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы карьерасында 4-ші жеңісіне (тұртіншісін нокаутпен) қол жеткізді. Ол WBA Gold чемпиондық белдігін жеңіп алды. Стивен Уорд болса, кәсіби рингте екінші рет жеңілді.
Sports.kz