Бокс

Алматыдағы бокс кеші: Тағы үш қазақстандықтың қарсыластары анықталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

16 желтоқсан күні Алматыда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бокс кеші өтеді. MTK Kazakhstan Instagram-аккаунтында мәлім етілгендей, аталмыш шоуда айқасатын боксшылардың тағы үш жұбы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, жеңіл салмақтағы Рай Сейітжанов (1-0) грузиндік Гиорги Абуладземен (11-9-1, 4 КО) кездеседі.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Мирас-Әли Сәрсенов (1-0, 1 КО) әзербайжандық боксшы Аскар Рагимовқа (3-3, 1 КО) қарсы айқасса, бірінші жартылай орта салмақтағы Нұрдос Төлебайдың (1-0) қарсыласы тағы бір әзербайжандық Рамиз Мамадов (1-0) болады.

Бұған дейін өзге қазақстандық спортшылардың қарсыластары туралы жазған болатынбыз: Виктор Коточигов (Қазақстан, 10-0, 4 КО) — Хавьер Хосе Клаверо (Аргентина, 27-5, 5 КО), жеңіл салмақ, WBC International титулы; Сұлтан Зәуірбек (Қазақстан, 8-0, 6 КО) — Лешань Ли (Қытай, 16-3-2, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ, WBC «жастар» әлем чемпионы титулы; Ескендір Харсан (Қазақстан, 7-0, 6 КО) — Томас Эссомба (Камерун, 9-5, 3 КО), ең жеңіл салмақ; Нұртас Әжбенов (Қазақстан, 7-0, 3 КО) — Лэнди Крис Леон (Филиппин, 13-20-5, 6 КО), жеңіл салмақ; Елшат Нығметолла (Қазақстан, 15-0-1, 5 КО) — Крис Альфанте (Филиппин, 17-7-1, 9 КО), ең жеңіл салмақ; Абай Төлеш (Қазақстан, 4-0, 3 КО) — Томаш Безвода (Чехия, 8-10, 5 КО), орта салмақ; Хуршид Тожибаев (Өзбекстан, 3-0, 2 КО) — Айзек Джуниор (Индонезия, 26-13-3, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ Алиу Бамиделе Ласиси (Нигерия, 13-0, 8 КО) — Хамсон Ламандау (Индонезия, 10-4-1, 7 КО), екінші ең жеңіл салмақ.

Бокс кеші Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.12.2019, 15:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30