Әлімханұлы Андраде мен Мунгияны "жерге тықты"

26 сәуір 2022, 18:04

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) келесі қарсыласы Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қашып кетпегені үшін құрмет білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Андраде мен Мунгия менімен айқасудан қашты, сондықтан ұсынысты қабыл алған Дигнумға құрмет білдіремін. Әлемге нағыз "Қазақ стилін" паш етіп, титулды алып кетемін. Дивизиондағы ең атақтылар менен қашып жүр, бірақ, мәңгі сытылып кете бере алмайды. Resorts World шаршы алаңындағы тамаша айқасты асыға күтемін", - дейді Жәнібек.