Әлімханұлы чемпиондық қорғаудан кейін күтпеген сөз айтты

23 мамыр 2023, 17:15

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы залға оралуға асығып жүргенін мойындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жуырда ғана титулын сәтті қорғаған чемпион жаттығуларды сағынып үлгергенін айтады.

"Әзірден жаттығулар мен спаррингтерді сағынып жатырмын", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.