Әлімханұлымен бірге? Елеусінов бір сөзбен алаңдатып қойды

25 мамыр 2023, 16:41

Кәсіпқойда өнер көрсетіп жүрген Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та дайындығын шыңдап жүр. Ол өзінің instagram парақшасына Жәнібек Әлімханұлының  бапкері Бадди Макгиртпен өткізген жаттығуының видеосын жариялады.

Ресми парақшасына фото мен видео жариялап қана қоймай, "Жуырда..." деп жанкүйерлерін де қызықтырып қойды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана бұрынғы менеджері Зия Алиевті келісімшартына байланысты сотқа берген еді.

kaz.vesti.kz