"Әлімханұлына Н'Жикам секілді боксшылармен көп жұдырықтасу керек". Маман не үшін екенін түсіндірді

08 қазан 2021, 23:51

FightSpace жобасының жетекшісі Григорий Стангрит Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0-0, 6 KO) әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5-0, 21 KO) өтетін кездесуі туралы ойын айтты.

 

"Бұл Жәнібек үшін оңай жекпе-жек болмайтыны анық. Сонымен қатар бұл Әлімханұлына керек айқастардың бірі. Н'Жикам - тыс қаққан, тәжірибелі боксшы. Көп қарсылас үшін ыңғайсыз болған. Егер дайындығы жақсы болса, кез-келген қарсыласқа қиындық туғызады.

 

Негізі Хассан нағыз орта салмақтың боксшысы. Алайда Чидонов пен Смитке қарсы өз салмағында жұдырықтаспай, жеңіліс тапты. Орта салмақта ол тек Лемье мен Муратадан жеңілді.

 

Әлімханұлын да қалпақпен қағып алатын қарсылас деуге келмейді. Ол осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста он кездесу өткізген. Әуесқой бокста да жинаған тәжірибесі көп. Жәнібекке бірақ осындай қарсыласпен кездесіп, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру керек", - деді Стангрит.

 

Еске салайық, бұл кездесу 5 қараша күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтеді.