Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі туралы ресми хабарланды

27 сәуір 2022, 00:35

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жек туралы құлақтандырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл айқас 21 мамыр Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Боксшылар WBO ұйымының орта салмақта "уақытша" чемпионы атағын сарапқа салады.

 

Ал ұйымның толыққанды чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 KO).