Бокс

Альварес – Ковалоев андеркардында Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетті

  • Альварес – Ковалоев андеркардында Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетті

    Альварес – Ковалоев андеркардында Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетті


Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Сауль Альварес – Сергей Ковалев бокс кешінің шеңберінде мексикалық Кристиан Оливаспен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


 

 


10 раундқа есептелген жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша қарсыласынан басым түсті.


Осылайша, кәсіпқой мансабында 13-ші кездесуін өткізіп, жеңіліс көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов WBC (USNBC) тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты.


Ал оның қарсыласы Кристиан Оливас кәсіпқой рингте осымен 6-шы рет жеңіліске ұшырады.


Еске сала кетейік, Ресейдің Екатеринбург қаласында жергілікті боксшы Евгений Тищенко (5-0, 3 КО) мен қазақстандық Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) арасында WBO Inter-Continental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өтті.


Нәтижесінде ресейлік боксшы жеңіске жеткен болатын.



 





Көрілген: 283    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 11:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30