Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Сауль Альварес – Сергей Ковалев бокс кешінің шеңберінде мексикалық Кристиан Оливаспен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
10 раундқа есептелген жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, кәсіпқой мансабында 13-ші кездесуін өткізіп, жеңіліс көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов WBC (USNBC) тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты.
Ал оның қарсыласы Кристиан Оливас кәсіпқой рингте осымен 6-шы рет жеңіліске ұшырады.
Еске сала кетейік, Ресейдің Екатеринбург қаласында жергілікті боксшы Евгений Тищенко (5-0, 3 КО) мен қазақстандық Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) арасында WBO Inter-Continental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өтті.
Нәтижесінде ресейлік боксшы жеңіске жеткен болатын.