Бокс

Америкалық журналист "Канело" неге Ковалевпен ғана жұдырықтасуды көздегенін айтты

  • Коллаж: instagram.com/sergeykrusherkovalev

    Коллаж: instagram.com/sergeykrusherkovalev

Америкалық WorldBoxingNews порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке болжам жасады.


Жартылай ауыр салмақтағы Ковалев - "Канело" жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтуі мүмкін. БАҚ-та бұл кездесу туралы ресми түрде келесі аптада жарияланатыны хабарланған.


"Ковалевтің уақыты өтті деп ойлаймын және Энтони Ярд мұны дәлелдеді. "Канело" мұны біледі, көздеп отырғаны сондықтан. Оған Бивол немесе Гводзикті таңдауына болатын еді, олар бабында жүр. Бірақ ол күші семіп бара жатқан Ковалевті таңдады.


Әрине Сергей әлі де күшті, дегенмен, "Канелоға" бәсекелес болатындай деңгейде емес. Мексикалық ұпай санымен жеңеді деп ойлаймын. Мүмкін 8:4 немесе одан үлкен айырмашылықпен", - дейді Джей.


Еске салайық, жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Ковалев 24 тамызда Энтони Ярдты 11-ші раундта нокаутпен жеңді. Осыдан кейін ол Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.


 




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30