Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Америкалық сарапшы Елеусінов титулды жекпе-жекте африкалық "Машинадан" жеңілетінін айтады

23 қазан 2020, 09:39

Қазақстандық Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) пен бұрынғы әлем чемпионы "Көк машина" лақап атты Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) арасындағы жартылай орта салмақта IBF Intercontinental титулы үшін жекпе-жекте намибиялық боксшының басымдығы бар.

 

Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық World Boxing News порталының редакторы Фил Джей осындай пікір білдірді.

 

"Хирн активін сондай қауіпке тігіп отырғаны таңқаларлық. Ол өте ұқыпты және мұқият еді, демек, Эдди боксшысының жеңісіне сенімді. Үлкен қауіп қазақстандық боксшының карьерасын өрге сүйрей алады. Алайда басты мәселе - ол мұндайға дайын ба? Данияр көп нәрсе үйренді, кәсіпқой бокстың ерекшелігін ұқты. Ол жас, жылдам, амбициясы бар, дегенмен, Индонго өте тәжірибелі. Меніңше, алдағы жекпе-жекте Елеусінов емес, Индонгоның жеңу ықтималдығы басым. Иә, Джулиус салмақ ауыстырды және ұзақ уақыт рингке шықпады, бірақ, ол өте мықты боксшы", - дейді Джей.