Бокс

Америкалық сарапшы Головкиннің WBA рейтингінен шығарылу себебін атады

  • Геннадий Головкин. Сурет: badlefthook.com

    Геннадий Головкин. Сурет: badlefthook.com

Америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей kaz.vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) ТОП-15 рейтингінде болмау себебін түсіндірді.


Кеше WBA тамыз айының рейтингнін жариял, бұл тізімнен бірінші болған қазақстандық Головкин шығып қалған.


"Онымен ұйым президенті арасында келіспеушіліктер болғанға ұқсайды. Әдетте боксшының сіңірген еңбегі мен статистикасы енеді, бірақ, WBA-да емес. Бұл ұйымның жеке ережелері бар, оларды түсіну және түсіндіру қиын. Меніңше, WBA қазір бұрынғыдай әділ емес", - дейді Джей.


Қазіргі таңда WBA (Super) титулы мексикалық Сауль "Канело" Альваресте (52-2-1, 35 KO), ал WBA (Regular) белбеуі - жапониялық Риота Муратада (15-2, 12 KO). Қазір бұл ұйымның орта салмақ рейтингінде Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 KO) бірінші тұр.


Еске салайық, Головкин WBA титулын 20 рет қорғап, соңғы жекпе-жегінде ғана "Канелодан" жеңілді. Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Головкин орта салмақта IBF титулы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады.


 




Көрілген: 906    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 18:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30