Бокс

Амир Хан "Канелоның" қолғаптармен жасайтын қулықтары жайлы

  • ©  AllFight.Ru

    © AllFight.Ru

2016 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) дивизион ауыстырған Амир Ханды (34-5, 21 КО) нокаутпен жеңген еді. Британиялық алтыншы раундқа дейін Альварестен басым келе жатқан, алайда, бір соққыдан есеңгіреп қалды. Мұны ол "Канело" қолғаптарында гәп болғандығымен түсіндірді.

 

"Бокста қолғапқа келгенде бәрі тең емес екенін үнемі айтатынмын. Әр жұбы бөлек келеді. "Канеломен" жұдырықтасқанда онда іші ат қылымен толтырылған "эверласт" болды. Ондайды киіп көргенміде дуалға тақалғандай әсер болды. Демек білегіңді жарақаттауың әпсәтте. Расында қатты еді. Ал тигенде сені бейсбол битасымен ұрғандай", - деп келтіреді британиялықтың сөзін vRINGe.com порталы Fighthype.com басылымына сілтеме жасап.

 

Ханның сөзінше, қолғапта көбік болғанда пішіні бірдей болып тұрады, ал аттың қылы артқа қарай сырғып, жиналып қалады. Осы кезде ашық қолмен ұрды деуге болады.

 

"Сені қолғапсыз ұрғанмен тең. Мұндайды жасамас едім, өйткені қолдарым соншалықты мықты емес. Сүйектерімді сындырар едім. Ал кейбірінің қолы мықты болғаны сондай қабырғаны жалаң қолмен ұра береді", - дейді Амир.

 

kaz.vesti.kz 




Көрілген: 1425    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.03.2020, 09:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30