"Анам кәріс. Ал мен...". Бивол шыққан тегі туралы айтты

03 маусым 2022, 09:11

Жартылай орта салмақта WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль Канело Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңгеннен кейін шыққан тегі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Қай жерде туғанымды, шыққан тегімді ұмытпауға тырысамын. Қырғызстанды ұнатамын. Мен үшін Қырғызстан мен Ресей арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Қырғызстанда тудым. Анам кәріс, әкем молдован. Ал мен орысша сөйлемін", - дейді DROZD PODCAST арнасы Биволдың сөзін келтіріп.

Еске салайық, мамыр айында АҚШ жеріндегі бокс кешінде Бивол мен Канело қолғап түйістіріп, ресейлік былғары қолғап шебері ұпай саны бойынша жеңіске жетті.