Андрадемен жекпе-жек туралы. Жәнібек Әлімханұлы WBO шешіміне қатысты ойын айтты

21 желтоқсан 2021, 22:49

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жекпе-жек бойынша промоутерлік сауда белгіленгеніне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Мұның алдында ұйым боксшылардың өкілдеріне хабарлама жолдағаны белгілі болды. Ол бойынша промоутерлік сауда кемі 200 мың доллардан басталады, ал сауда басталатын уақыт 15 қаңтар.

 

"Оңай шаруа", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.