Антидопинг агенттігі "Канело" мен Бивол кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады

25 мамыр 2022, 08:54

Антидопинг агенттігі (VADA) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) кездесуден кейінгі допинг сынаманы сәтті тапсырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуі сарапқа салынған бұл айқас 8 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтіп, Бивол төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

 

Осылайша, "Канело" өз карьерасында екінші мәрте жеңілді.

 

 

"Канело" мен Биволды жекпе-жектен кейінгі допинг сынамасының сәтті тапсыруымен құттықтаймыз", - деп жазды VADA.

 

Айта кетейік, "Канело" кеше келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады. Ол - Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО). Бұл кездесу қыркүйек айында өтеді.