Бокс

"Аралық жекпе-жектерді ұмытыңдар". Головкин промоутері әлемді дүр сілкіндірер чемпиондар айқасы жайлы

  • Эдди Хирн (оң жақта). Сурет: Sport.ua

    Эдди Хирн (оң жақта). Сурет: Sport.ua

Қазақстандық Геннадий Головкин промоутерлерінің бірі және британиялық Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирн коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантиннен кейін бокс кешін ұйымдастыру жоспары туралы айтып берді. Промоутер үзілістен кейін боксшылардың жекпе-жекке құлшынысы тасып турарына сенімді.

 

"Меніңше, спорт деңгейі жалпылай бұрынғыға қарағанда төмендейді. Кейінгі сегіз-тоғыз жылда бізде боксты өрге домалатып едік, біз де бұл қарқынды жоғалтуымыз мүмкін. Сондықтан қайта оралу жарылыс сияқты дүр сілкіндіреріне сенімді болумыз керек. Тезірек оралғысы келетін титулы бар боксшылар қатары мол болады. Айта алмайтын бір дүние - нақты қашан оралатынымыз.

 

Жанкүйерлер қызық күтп отыр, сондықтан біз ең мыңызды жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамыз. Боксшылар: "Аралық жекпе-жектерді ұмытыңдар, бірден үлкен жекпе-жек беріңдер" дейтін болады. Бізде үлкен шоу болады.

 

Бұл спорт қаншалықты тамаша екенін адамдардың есіне түсіруіміз қажет. Осы кезеңде жанкүйерлер осы спортты аузынан тастамайтындай контент жасауға тырысамыз, өйткені біздің оралу жару керек", - деп келтіреді Хирннің сөзін vRinge.com.

 

Еске салайық, Хирн карантин кезінде де көрерменсіз телевизиялық бокс кешін өткізбекші.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 15:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30