Бокс

"Арам әдістер қолданды". Сарапшы қазақ боксшысының жеңісіне қатысты

  • Vesti.kz

    Vesti.kz

Қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) аустралиялық Стив Гагомен (11-1, 4 КО) жекпе-жектегі жеңісі әділ болмады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында аустралиялық aus-boxing.com сайтының редакторы Эндрю Бартлет осындай ой айтты.


Боксшылардың он раундқа есептелген жекпе-жегі 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өтті. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін біріктірді.


"Стив Гаго карьерасындағы ең тамаша жекпе-жегін көрсетті. Дегенмен бұл кездесу бүртүрлі болды. Гаго таза жұмыс істеді, ал Жаңабаев арам әдістер қолданды. Үшінші рет ереже бұзған соң, төреші оны шеттетіп тастауы мүмкін еді. Меніңше, бірталай сарапшы мен көреремен Гагоның жеңісін немесе тең түскенін көрген болар.


Жаңабаев аты аңызға айналған Геннадий Головкин шықан мектепте шыныққанын білеміз. Дегенмен Гаго онымен теңдей жұдырықтаса алды. Бұл сол кештің ең тамаша жекпе-жегі болған шығар. Боксшылар қарымтаға қарсы емес. Аустарлияда және Қазақстанда да көрермендер мұны тамашалар еді. Бұл болашағы үлкен екі боксшы", - дейді Бартлет.


Айта кетейік, 26 жастағы Жаңабаев сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (бес нокаут). Айта кетейік, Жаңабаев Аустралияда алғаш рет жұдырықтасып тұр - бұған дейін ол Қазақстан мен Қытайда екі реттен және Ресейде үш жекпе-жек өткізген.


 




Көрілген: 1201    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30