Бокс

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық Майк Тайсонды нокаутқа түсірген боксшымен жұдырықтасады

  • © RingSide24

    © RingSide24

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев (5-0, 5 КО) келесі жекпе-жегін 5 шілде Алматыдағы бокс кешінде өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы QAZAQ Promotions компаниясына сілтеме жасап.


Қазақстандықтың қарсыласы британиялық Дэнни Уильямс (53-26-0, 40 KO). Британиялық 2004 жылы Майк Тайсон

ды нокаутпен жеңгенімен белгілі.



Алматыда өткетін бокс кешінің басты оқиғасы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен доминикандық Хулио де Хесус (28-1, 27 КО) арасындағыт жекпе-жек екендігін айта кетейік.


Сондай-ақ, бұл кештің андеркартында бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) өнер көрсетеді. Қазақстандық екі титул үшін эстониялық Павел Семеновпен (24-11-2, 9 КО) рингке шығады. Семенов алғашқы жекпе-жегінде Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы - угандалық Кассима Оумуды төрешілер шешімімен жеңген. Кездесу форматы он раунд.


 




Көрілген: 1492    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 17:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30