Аты аңызға айалған комментатор бокс тарихындағы ең мықтыны атады

05 қараша 2019, 12:28

HBO арнасында өткен бокс кештерін жүргізген (1978–2012) Ларри Мерчант EsNews порталына берген сұхбатында бокс тарихындағы ең мықты боксшыны атады.

Аты аңызға айналған комментаордың сөзін vRINGe.com басылымы келтіріп отыр.

- Тарихтағы ең мықты боксшы кім?
- Сарапшылармен келісемін және Шугар Рэй Робинсоннан мықты ешкім болмады дегенге сенемін. Біріқ тізім ол тізім, ал пікір пікір болып қалады. Менде мұнымен қиындық жоқ.

Флойд Мейвезер - тарихтағы ең үздік боксшы?

- Өтініш, қойыңыз.

- Бірақ оның рекорды - 50-0, алты салмақта чемпион болған.

- Рокки Марчиано жеңілмеген еді, бірақ, оны Али, Льюс және басқалардан жоғары қоятын адамды көрмедім. Ол болса сұмдық боксшы еді, тамаша жұдырықтасатын.

kaz.vesti.kz