«Ауыр жұмыс». Әлімханұлы Америкадағы дайындығымен бөлісті

23 сәуір 2022, 14:15

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы жекпе-жегінің алдында дайындығымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz- ке сілтеме жасап.

 
Орта салмақта «уақытша» әлем чемпионы WBO белбеуі сарапқа салынатын Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы айқас Лас-Вегаста 21 мамырда өтеді деп жоспарланған.

«32 раундтық спарринг аяқталды. Алда әлі 68 раунд бар. Ауыр жұмыс», - деп жазды Әлімханұлы.