Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы АҚШ-тағы айқасы алдында үн қатты

25 шілде 2023, 13:37

Ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) қарсыласы ауысқан жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтың АҚШ-тағы дебютімен қиындықтар туып жатыр.

 

Бастапқыда Кособуцкий Top Rank компаниясының АҚШ-тың Толедо қаласында өткізген бокс кешінде жергілікті Джаред Андерсонмен айқасу керек болған. Алайда қазақстандық боксшының визамен қиындықтарына байланысты жекпе-жек 26 тамыз Талсада өтетін бокс кешіне шегерілген еді. Алайда енді амеркиалық боксшы украиналық Андрей Руденкомен жұдырықтасатын болып қалды. Ал Кособуцкий нигериялық Эфе Аджагбамен жекпе-жек өткізеді.

 

"Жекпе-жек күні - 26 тамыз, орны - Құрама Штаттар, Талса қаласы! АҚШ-тағы дебют өтеді деп үміттенемін!" - деп жазыпты Кособуцкий Instagram желісінде жекпе-жек постерін жариялап.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz