Әйгілі боксшы "Канело" - Бивол айқасына болжамын айтты

27 сәуір 2022, 18:03

Белгілі мексикалық боксшы Марко Антонио Баррера отандасы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) айқасына болжамын айтты. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.comсайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

- Екі аптадан кейін "Канело" Альварес - Дмитрий Бивол кездесуі өтеді, ойыңыз қандай?

 

- Тамаша жекпе-жек. Біз - мексикалықтармыз және ол бұл айқастан үлкен шоу жасайтынын білеміз. "Канелодан" нокаут күтетініміз де заңды.

 

 - "Канелоның" ауыр салмққа өткенін көре аламыз ба?

 

- "Канело" туралы сөз болса, болуы мүмкін. Айтпағым, қазір не істеп жүргенін бақылаудамыз. Ешбір мексикалық ешқашан мұндай істемеген. Сондықтан "Канело" ауыр двивзионға көтерілуі де ғажап емес.