Әйгілі боксшы "Канелоға" не істеу керегін айтты

18 мамыр 2022, 08:54

Әлемнің бұрынғы чемпионы Заб Джуда мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) жеңілісіне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Канело" маған ұнайды. Ештеңеге қарамастан, жоғары көтеріліп, жетістікке жетуге тырысқан адамға сәтсіздікке ұшырауға болмайды.

 

"Канело" жеңілдеу салмақтан жоғарылап, мүмкін емес миссияны жасады. Қатерге басын тігіп шықты. Енді ол оралып, жасау керегін жасайды.

 

Үлкен жігіттерге қарсы бұл істі таста. Келген жеріңе, патша болған орныңа орал. Тағыңа қайта отыр.

 

Бивол - мықты боксшы. Қазір ол біреу-міреу өзін дәлелдегісі келсе өзімен айқасу керегін көрсетті", - дейді Джуба FightHype.com порталына берген сұхбатында.