Әйгілі промоутер Әлімханұлын болашақта не күтіп тұрғанын айтты

04 қазан 2022, 16:44

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) болашағына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Жәнібек - орта салмақтағы әлем бойынша ең мықты боксшы, бұл айқас ұзақ әрі сәтті чемпиондықтың басы болады", - деп береді Арумның сөзін BoxingScene.

 

Еске салайық, мұның алдында Жәнібек британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) 12 қараша Лас-Вегаста жекпе-жек өткізетіні хабарланды.

 

Бұл Жәнібектің WBO белбеуін алғаш қорғауы болады.