Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш 1 минутта қарсыласын 3 рет нокдаунға жіберді

06 наурыз 2022, 00:06

Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Амманда (Иордания) өткен бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Жастар турнирінің 1/4 финалында Сейдіш БАӘ өкілі Рахма Альмашдимен кездесіп, жеңіске жетті.

 

Бастапқы 70 секунд ішінде қазақстандық қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді – үшінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті аяқтау туралы белгі берді, – деп жазады Sports.kz.

 

Осылайша, Бақыт Сейдіш ширек финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына шықты.

 

Қазақстандық спортшы кем дегенде қола медальға кепілдік беріп отыр.