Бокс

Азия чемпионаты: Қазақстандық 5 боксшы финалға шықты

  • https://olympic.kz/

    https://olympic.kz/

Бокстан Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында жартылай финал ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жарыстың аталған сатысында еліміз атынан 6 былғары қолғап шебері сынға түсетінін жазған едік.

 

Жартылай финалда рингке алғашқы болып шыққан Даниял Сәбит (49 келі) филиппиндік Марк Лестер Дюренстің осал тұсын таба алды.

 

Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі) моңғолиялық Баттөмөр Мишеелттен мықты екенін көрсетті.

 

Тағы бір қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл 75 келіде ирандық Сейедшахин Мусавиді тізе бүктірді.

 

91 келіде Василий Левит қырғызстандық Рустам Ырысбек уулмен шаршы алаңда бәсеке көрігін қыздырып, жеңісті жолын жалғастырды.

 

Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келі) ирандық Пуриа Амириден басым түсті.

 

Ал 52 келіде Сәкен Бибосынов Амит Пангалдан жеңіліп қалды.

 

Осылайша қазақстандық 5 боксшы финалға жолдама алды.

 

Еске салсақ, кеше қыздар арасында жартылай финал жекпе-жектері өтті. 5 боксшы - финалда.

 

Азия чемпионаты 24 мамырда басталды. Ақтық кездесулер 31 мамырда болады.

 

 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31