Бокс

Азия чемпионатында жүлде алған боксшыларға қанша сыйақы берілді?

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Бокстан таяуда Дубайда өткен Азия чемпионатында жүлде алған қазақстандықтарға берілген сыйақы көлемі белгілі болды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

 

Дубайдағы құрлықтық жарыста Қазақстан жалпыкомандалық есепте көш бастаған болатын. Ғалымбек Кенжебаев пен Ерік Алғабектің шәкірттері 16 медаль - 8 алтын, 6 күміс және 2 қола жүлде иеленген.

 

Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милана Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай мен Ләззат Күнгейбаева Азия чемпионы атанған болатын.

 

«Турнир жеңімпаздарына 10 мың доллардан берілді. Ал финалда жеңіліп, күміс медальді місе тұтқан Даниял Сәбит, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев пен Владислава Кухта 5 мың доллардан алды. Қола жүлде еншілеген Сәкен Бибосынов пен Марина Вольноваға 2,5 мың доллар көлемінде сыйақы берілді», - делінген Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хабарламасында.

 

Сонымен қатар, құрама бапкерлеріне 1 миллион теңгеден, жеке бапкерлерге 500 мың теңгеден табысталған. Федерация хабарына қарағанда, чемпиондар мен бапкерлерге iPhone мен iPad сыйлыққа берілген. 

 

 

 




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 14:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30