Бокс

Батыр Жүкембаев экс-чемпионмен жұдырықтасатын болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында хабарлады.


«Ассалаумағалейкүм баршаңызға! Менің келесі жекпе-жегім 26-қыркүйекте. Экс-чемпионмен өтетін айқасым - мен үшін үлкен сынақ! Алла қаласа әлем чемпионы атану дейтін ұлы мақсатыма бір табан жақындай түсемін. Ол қанша азулы болса да, қазақ елінің намысы маған күш-қуат сыйлайды! Қолдауларыңызға рахмет!», деп жазды ол жеке парақшасында.


Толықтырып айта кетсек, Жүкембаев келесі айқасын мексикалық 32 жастағы Мигель Васкесқа (41-8, 15 КО) қарсы өткізеді. Ол 2010-2014 аралығында жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Жекпе-жек - бірінші орта салмақта 10 раундтан тұрады.


Айта кетейік, 26 қыркүйекте өтетін бокс кешінде тағы үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді: Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО), Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) және Аман Қазанғапов (0-0-1). Олардың қарсыластары кейін анықталады.


 




Көрілген: 1033    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 12:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30