Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы кезекті кездесуінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

25 желтоқсан 2021, 09:51

23 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО)  42 жастағы колумбиялық Хосе Мигель Торресті (33-12, 27 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

 

Жекпе-жек Мәскеу қаласындағы бокс кешінде өтті. Негізі сегіз раундқа жоспарланған айқас бірінші кезеңде аяқталды. Отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

 

 

Осылайша Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.

 

Айта кетейік, Бек әуесқой бокста 2019 жылы Азия чемпионы атанды. Ал қазір кәсіпқой бокстағы оның WBA International белбеуі бар.